Елордада Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды

Фото: Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елордада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

А.Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе аустриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.

Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландылық Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

«Өткен жылы Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын», деді Иржи Лехечка.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Азия ойындарын сәтті бастағанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінен неге бас тартқанын түсіндірді.