Додаға Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларус, Украина, Түрікменстан және Словакия елдерінің кәсіби теннисшілері қатысады. Сыйлық көлемі 10 мың АҚШ долларына пара-пар жарыста Қазақстанның жас жұлдыздары Залина Хайрутдинова мен Кәмила Керімбаева өнер көрсетеді.
Аталмыш турнир жас теннисшілерге әлемдік кәсіби турларда рейтінгтік ұпайлар алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ спортшы қыздардың шеберліктерін шыңдауда өте маңызды рөл атқарады. Жарыс жабық корттарда, жекелей және жұптық кездесулер бойынша өтеді.