Елордада «Астаналық еңбек нарығы» газеті шығарылмақ
Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарланды.
«Басылым айына бір рет мемлекеттік және орыс тілдерінде 3000 данамен шығарылатын болады. Жаңа газет беттерінде елорданың еңбек нарығы кеңеюінің өзекті мәселелері, оның келешегі мен дамуы, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мүмкіндіктері және басқа да жайлар көрініс табады», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева қалалық мәслихатта өткен дөңгелек үстелде.
Басқарма бастығының түсіндіруінше, «Астаналық еңбек нарығы» газеті Интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқтарға (жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар) өте пайдалы болмақ. Осы үнпарақтың көмегімен қала тұрғындары Халықты жұмыспен қамту оралығының және жұмыспен қамту туралы арнайы бағдарламаның бар екендігін біле алады. «Астаналық еңбек нарығы» басылымы халық көп жүретін жерлерде тегін таратылатын болады.