Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады. Шағын және орта бизнес өкілдері өндіретін тауарлары мен азық-түлік түрлерін көрсетіп, Жылдың үздік тауары атағын сарапқа салады. Шара сағат 10:00 басталады. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес Астана экономикасының маңызды салаларының бірі. Байқау-көрмеге түрлі салаларда қызмет атқаратын Астана қаласының кәсіпкер-өндірушілері қатысады. Байқау «Үздік өндірістік тауар», «Тұрғындарға арналған үздік тауар», «Үздік азық-түліктік тауар» аталымдары бойынша өтеді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен Үздік кәсіпкерлер бағалы сыйлықтармен, кубок және дипломдармен марапатталады. Байқау-көрменің жабылуына Астана қаласының мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылым өкілдері қатысады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласады.