Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды, деп хабарлайды елорданың медиа орталығы .

Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Аружан Қуанова, Кәмила Даниярова және Жайна Бекмахан, ұлдардан -Ернар Серік, Нұрбақыт Мыңтөре, Досжан Серік ептілік танытып, үздік атанды.

Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы - үшінші орында.