15:50, 19 Наурыз 2009
Елордада «Асыл-Дизайн» сән үйінің Наурыз мерекесіне арналған киім үлгілерінің таныстырылымы болды
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше елордадағы «Жастар» сарайында Наурыз мейрамына арналған «Асыл-Дизайн» сән салоны киім үлгілерінің таныстырылымы өтті,
деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі. Аталмыш шара ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. «Бүгін ұсынылып отырған киім үлгілерінің кейбірі 2008 жылы Испанияда өткен «Экспо ? 2008» әлемдік жәрмеңкесінде еуропалық көрермендердің арасында үлкен бағаға ие болды. Сонда олардың біздің киімдер мен өнерге деген үлкен қызығушылығын байқадық», - деді аталмыш Сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев. Кеште, сондай-ақ «нео-фольклор» стилінде жасалған «Көктем-Жаз ? 2009» маусымдық модельдері көрсетілді. Соңғы 5 жылда жарық көрген 7 киім үлгісі сән кешінің сахнасынан орын алды.