Елордада атаулы көмек алушылар саны күрт өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада атаулы әлеуметтік алушылар қайта тексеріледі. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймолдин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулыәлеуметтік көмекті өмір сүру деңгейі төмен, шын мұқтаж жандар алуы тиіс. Өткенжылы астанада дәл осындай 900 отбасы өтінім берген. Биыл да сол шамада, әрікетсе мың жарым өтінім түсетін шығар деп күткенбіз. Бірақ, сәуір айыныңбасында-ақ үш мыңнан астам отбасы көмек алуға өтінім берді. Бұл адамдар қайданшықты? Қазір де ниет білдірушілер толастар емес, айына мыңнан астам өтінімқабылдаймыз», - деді Абай Баймолдин әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оныңайтуынша, жағдайы жақсы тұрғындар да АӘК алуға ұмтылып жүр. Сәуір айыныңбасында АӘК жаңа тәртіппен беріле бастағанда, миллиондық айналымы бар жеке кәсіпкерлерөз қызметін күрт тоқтатқан.

Оданбөлек, АХАЖ деректеріне сәйкес, дәл осы сәуір айында көптеген ерлі-зайыптыларажырасуға өтінім берген.

«Баласы7 жасқа толған әйелдер де жұмысқа шығудың орнына, үйде отырмын деп, көмек алуғажүгінеді. Олардың көпшілігі мүлкі туралы құжаттарды толық көрсете алмайды. Екіқабатты үйі мен қымбат көліктері бар отбасы да өтінім берген жағдайлар болды.Сондай-ақ, Қызылорда тұрғындарының астанаға уақытша тіркеуге тұрып, екі қаладанөтінім бергені анықталды», - дейді орталық басшысы.

25шілдедегі жағдайға сәйкес, астанада 8,5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтіккөмек алуға құжат тапсырған.

«Олардың4,5 мыңға жуығы атаулы әлеуметтік көмекті алып бастады. Қазір барлық жердетексеру жүріп жатыр, тексеріп жатырмыз. Сосын қалалық прокуратура желісібойынша тексеру жүреді», - деп ескертті Абай Баймолдин.

Бұғандейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевта атаулы әлеуметтік көмек тағайындаужәне төлеуде заңбұзушылықтарға жол берілмеуін талап етті.

Соңғы жаңалықтар