Жексенбі, 26 тамызда, елордада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және күндіз тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 14 м/с-қа барады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 7 9°С, күндіз 15 17°С болады.
Дүйсенбі, 27 тамыз күні, көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10 12°С, күндіз 18 20° болады.
Сейсенбі, 28 тамызда, елордада көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп күтілуде. Батыстан, солтүстік батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 10 12°С, күндіз 18 20°С айналасында болады.