Елордада ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада ауа райы құбылмалы, күн жылы, жауын-шашынды болады. Елордада 7 күн бойы көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында күн жылы болады.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 23 25°C болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен.

Сейсенбі күні елордада өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 9 11°C, күндіз 21 23°C.

Аптаның ортасында күн ала бұлтты, жауын-шашынды болады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркірегенде екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10 12°C, күндіз 20 22°C болады.

Апта соңында, бейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркірегенде екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 8 10°C, күндіз 16 18°C болады.

Жұмыс аптасының соңғы күні синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды болады. Солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7 9°C, күндіз 14 16°C болады.