Елордада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 қазан күні Қазақстан қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қалаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті концентрациядан асуы 3-тен жоғары) болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.