Елордада әуесқой театрлардың халықаралық фестивалі басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әуесқой театрлардың «Сәтті билет» атты ІІ халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанқаласының «Современник» халықтық жастар театрының ұйымдастыруымен, елордаәкімдігінің мен Ресейлік ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен өтіп жатқансахна додасына ресейден де үміткерлер келіпті.

«Жыл сайынастанамызда кәсіби театрлар бас қосып жатады. Ондай шараларға біз сияқтыәуесқой сахна өкілдері қатыса алмайды. Сондықтан, әуесқой театрлардың басынбиыл екінші рет Нұр-Сұлтан қаласында қосып отырмыз. Былтыр да халықаралықдеңгейде өткізген болатынбыз. Биыл үміткерлер саны былтырғыдан көп. Алғашқыжылы 3 ұжым ғана бақ сынаса, биыл 5 театр қатысқалы отыр. Оның екеуі РесейдіңТүмен және Қорған қалаларынан келсе, Нұр-Сұлтан қаласының атынан екі ұжымшығады. Сондай-ақ, Рудный қаласының бір театры бар. Негізі фестивальғақатысушылардың жасына шектеу жоқ. Түменнен келген әуесқой балалар театрында бесжасар бүлдіршін де бар. Ал біздіңарамызда 30-дан асқан өнерпаз жүр. Бар-жоғы бес ұжым қатысып жатса да, «басжүлде» мен үш жүлделі орын тағайындалған. «Үздік әйел рөлі» және «Үздік ер адамрөлі» деген аталымдар да бар. Жеңімпаздарға грамоталар мен мүсіншелертабысталады. Былтыр қаржылай сыйлық берген болатынбыз. Биыл оған демеушіболмады», - дейді «Современник халықтық жастар театрының өкілі БауыржанТоғызбаев.

Фестивальекі күнге жалғаспақ. 15-16 тамыз күндеріNomadCityHall ғимаратында бес ұжым көрермен назарына түрлі жанрдағы бірнешеқойылым ұсынады.

Соңғы жаңалықтар