Елордада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтеді.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған турнирде 27 елден келген 450-ден астам спортшы бақ сынайды деп күтіліп отыр. 

Еліміздің атынан 36 жас зілтемірші сынға түседі. Қазақстан құрамасының нақты тізімі кейін жарияланады. 

Азия чемпионатында U17 және U20 жас санаттары бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Айта кетейік, жарыс елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болғанын жазған едік.