деп хабарлады қалалық жастар саясаты мәселелер басқармасының баспасөз қызметінен.
«29 мамырда Астанада қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңестің жаңарған құрамына аудан әкімдері, ЖОО-лардың ректорлары, жастар ісі комитетінің, жастар ұйымдары мен мүдделі өкілетті органдардың өкілдері кірді», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, алқалы жиын барысында аула клубтарын дамытудың бірыңғай тұжырымдамасы қабылданатындығы мәлім етілген. Бұл клубтардың жұмыстарын жақсартып, оларға жасөспірімдер мен жастарды және педагогтерді молынан тартуға мүмкіндік береді.