Биыл «Алматы» ауданында жалпы ауданы 13 707 шаршы метр жерге асфальтбетон жабыны төселіп, 18 үйді қамтитын 10 ауланы кешенді абаттандыру көзделген. Бұдан басқа, 13 балалар ойын алаңы мен 4 спорт алаңы, 10 күрке мен 10 кір жаятын алаң жасалады. Ағымдық күтіп-ұстау аясында 37 мың шаршы метр асфальтобетон жабыны, 70 спорт алаңы, даладағы 10 тренажер жөнделеді, 36 жаңа балалар ойын кешені мен 20 шағын архитектуралық пішін орнатылады.
«Сарыарқа» ауданында 19 орамішілік аула аумағын кешенді абаттандыру жоспарланған: Желтоқсан к-сі, 28, Ирченко к-сі, 31, Жеңісдаңғылы, 3, Жеңіс даңғылы, 5, Жеңіс даңғылы, 5/1, Сарыарқа даңғылы, 31/2 , Желтоқсан к-сі, 1, Күмісбеков к-сі, 8, Сейфуллин к-сі, 4/1, Аспара к-сі, 2б, Затаевич к-сі, 11, Дүкенұлы к-сі, 37/1, Павлов к-сі, 29, Дүкенұлы к-сі, 37/2, Дүкенұлы к-сі, 37/3, Тілендиев даңғылы, 15, Тілендиев даңғылы, 15/1, Тілендиев даңғылы, 15/2, Жангельдин к-сі, 7.
Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері шағын сәулеттік пішіндерді ағымдық күтіп ұстау мақсатында тексеру жүргізіп, оларды тұрғын үйлердің ПИК, ТК, ЖШС қызмет көрсету ұйымдарына берді. 2015 жылы 128 аулада шағын cәулеттік пішін жөнделіп, боялды.
«Орамішілік аулалар мен жолдарды ағымдық жөндеу және күтіп-ұстау, балалар алаңдарын ауыстыру» жөніндегі бағдарлама бойынша үш гүлбақта және Есіл өзенінің жағасында шағын сәулеттік пішіндер, далалық тренажерлар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, кеспе тастар мен асфальтбетон жабыны жөнделді.
«Сарыарқа» ауданында аулаларды абаттандырумен қатар қасбетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл 55 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді, былтыр 47 тұрғын үйдің қасбеті әрленді.