Алдын ала мәлімет бойынша бүгін түс кезінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жанама жолдан шығып, Ш. Қалдаяқов көшесі бойымен келе жатқан «Bentley» көлігіне жол бермеген. Қақтығыс салдарынан «Bentley» автомашинасы екпінмен аялдамаға барып соғылды. Енді осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Осы орайда көлік жылдамдығы, «Сергек» камераларындағы мәліметтер қаралады.
«Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. «Toyota Camry» көлігін басқарған әйел адам мен оның жанындағы баланы дәрігерлер тексерді. Денсаулық жағдайларына қауіп болмағандықтан, олар үйлеріне жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.