Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы және Астана қаласының Жолаушыларды тасымалдау орталығы. Автобус парктерінің кондукторлары, жүргізушілері, инженерлер би билеп, ән айтты. «Жолаушыларды тасымалдау орталығы» ЖШС директоры Бақытжан Ертаевтың айтуынша, мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады. Фестиваль бірінші кезекте халқымыздың тілін дамытуға арналған. Өйткені, тіл байланыс құралы ғана емес, бүкіл бір халықтың тарихы.
Елімізде тұрып жатқан ұлыстардың бірлігін жеткізетін шара аясында байқаулар, өнер иелерінің концерттері, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.