Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, №2, 9, 11, 39, 80 бағдарлар қозғалысы уақытша өзгерді.
Кейбір қала ішіндегі көшелерді қар басуына байланысты қоғамдық көлік қоғалысы қиындады, сол себепті қалалық бағдарлар уақытша келесі аялдамаларға кірмейді:
№9 бағдар «Даурен» балабақшасына дейін бармайды;
№2 бағдар М. Шоқай көшесіне кірмей, Шалкөде көшесі арқылы жүреді;
№ 11 бағдар «Социум» тұрғын үй кешеніне кірмейді;
№ 34 бағдар Сарыөзек көшесіне кірмей, Қайнар көшесі арқылы жүреді;
№ 39 бағдар «Алай» базарына кірмейді;
№80 бағдар «Интернациональный» т/а және «Күйгенжар» т/а соңғы аялдамаларына кірмей жүреді.