Елордада жүретін барлық қоғамдық көліктердің бағыттары көрсетілген электрондық онлайн картасын maps.astana.kz сайтынан табуға болады.
Бұдан басқа, Android және IOS платформаларына арналған қосымшалар да жасалған.
Еске салайық, былтыр Астана қаласындағы автобус паркін GPS-мониторингі қондырғыларымен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, бұл кез-келген автобустың бағытын аталған сайттан онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беріп отыр.
Астана қаласының жоспар-схемасы үш тілде әзірленген: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Жобалаушылардың айтуынша, картаның басқа да осы сияқты сервистерден артықшылығы жылдамдық, көрнекілік, өте түсінікті интерфейс болып табылады. Ал ең бастысы - оның өзектілігі. Карта ай сайын өзгерістерге қарай жаңартылып отырады.