Елордада автобустардың қозғалыс бағдарлары өзгереді

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада №2, №24 және №129 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.

«Иманов, Кенесары көшелері мен Алаш тас жолы бойында пайдалануға жаңа тұрғын үйлер мен сауда кешендерінің берілуіне байланысты Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы №2, №24 және №129 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізуге шешім қабылдады.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, өзгерістер биылғы жылдың 9 наурызынан басталып төмендегі тәртіпте жүзеге асырылады:

- № 2 бағдары: «Градкомплекс» аялдамасынан Уәлиханов көшесіндегі «Жаннұр СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Уәлиханов көшесіне дейін - Кенесары көшесі -Республика даңғылына дейін - содан кейін бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша. Кері бағытта да осы қозғалыс сызбасы бойынша;

- № 24 бағдары: бастапқы «39 разъезд» пункітінен Уәлиханов көшесіндегі «Жаннұр СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз. Одан әрі - Иманов к-сі - Янушкевич к-сі -Пушкин к-сі - Тәуелсіздік даңғ - Қажымұкан к-сі - содан кейін бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша. Кері бағытта да осы қозғалыс сызбасы бойынша;

- № 129 бағдары: бастапқы «Күйгенжар» пунктінен Кенесары көшесіндегі «Қазақстан СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі - Жұбанов к-сі (оңға қарай) - Абай даңғ - Пушкин к-сі - Ақжол к-сі - Алаш тас жолы - соңғы аялдама «Биг Шанхай СҮ». Кері бағытта «Көк базарға» кіріп, содан кейін бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша жүреді.

Еске салайық, наурыз айынан бері № 30 және № 42 бағдарларының қозғалысы келесі тәртіпте өзгерді:

- №30 бағдары: бастапқы «Сусамыр к-сі» аялдамасынан «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі - Орынбор к-сінен - Алматы к-сі - Сауран к-сіне дейін одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша;

- №42 бағдары: бастапқы «Ет комбинаты» пункітінен Қабанбай даңғылы бойындағы «№17 мектеп-гимназия» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі - Сарайшық к-сінен -Түркестан к-сі - Қонаев к-сіне дейін - одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша.