Елордада автожол саласындағы білім сапасын арттыру мәселесі жөнінде семинар-кеңес өтті

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «ҚазАвтоЖол- 2010» VII Халықаралық көрмесі аясында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми қолдауымен автожол саласындағы білім сапасын арттыру мәселесі жөнінде семинар-кеңес өтті.

Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.

Кеңеске ҚР Білім және ғылым министрлігі, жоғарғы оқу орындары, жобалау институттары, Халықаралық ұйымдар мен шетелдік компаниялар, коммерциялық ұйымдардың (қызмет көрсету компаниялар, мердігерлер, консалтингтік компаниялар, технология өндірушілері) өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, сондай-ақ мердігерлік ұйым басшыларының баяндамалары тыңдалды.

А.Беков өз баяндамасында түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдан бастап Автомобиль жолдары комитеті жол құрылысы мамандығы бойынша оқу орындарының студенттерін өндірістік тәжірибеге және бітірген жас мамандарды жол-құрылыс жұмыстарына тарту жөнінде конкурстық құжаттамаға қосымша талаптар енгізгенін аттап өтті.