Елордада аяздарға байланысты № 26, 13, 35, 16, 47 бағдарларындағы автобустар жұмыстарын уақытша тоқтатты

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты, адамдар ең көп жүретін бағдарларда жолаушылар тасымалын тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында

16-18 желтоқсан аралығында жолаушылар саны аз - № 26, 13, 35, 16, 47 автобус бағдарларының жұмысы уақытша тоқтатылды,  деп хабарлайды  astana.kz  сайты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ,  қаламаңы  бағытындағы  Қосшы және  Жібек  жолы ауылдарына  билет құны 100 теңге тұратын  № 43 және № 37  экспрестік автобустар ұйымдастырылды.