Оқиға елордада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифтінің ішінде болған.
Желіде тараған видеодан еркек пен әйелдің арасындағы кикілжіңді байқауға болады, артынша ер адам әйелдің мойнына пышақ тақайды, соңында екеуі де лифтіден шығады.
Қалалық полицияның баспасөз қызметі ер адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын айтты.
— Адам өміріне қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, СҚО-да мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алған еді.
Одан бөлек, Павлодарда колледж студенті оқытушыға пышақ жарақатын салды.