Цирк думаны бағдарламасына Цветной бульвардағы ескі цирктің атақты әртістері енген. Қойылым барысында көрермендер назарына виртуоз гимнасшылар, даршылардың ғарыштық әуе думаны, «Коррида» бұқалармен сайыс, жонглер, 21 ғасырдың Гераклы - Александр Великолепный, батыл гимнасшы Яна Әлиева (11 метр биіктікте сақтандырусыз орындау), Ресейдің еңбек сіңірген әртістері Наталья және Игорь Богачевтердің жетекшілігімен аюлар аттракционы, сонымен қатар, әуе гимнасшылары, акробат-эксцентриктер,үйретілген иттер мен т.б. ұсынылады. Сонымен қатар, манежде көпшілік сүйетін сайқымазақ Димочка Шиндров өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бағдарламаға Париж, Монте-Карло, Будапешт, Лиссабон, Мадрид, Женева, Амстердам қалаларында өткен халықаралық фестивальдердің лауреаттары мен жүлдегерлері қатысады. Өйткені, цирк бағдарламасы ресейлік цирктің таңдаулы азаматтарының - ең үздік атақты, дарынды әртістердің шоғыры.
Еске салайық, Цветной бульвардағы ескі Мәскеу циркі - Ресейдің ең ескі цирктерінің бірі. Жүзден астам жыл бұрын, 1880 жылы Цветной бульвардағы бұл ғимаратты көпес Даниловтың кеңсесі Альберт Саламонскийдің циркіне арнап салған. 1982-1997 жылдары Цветной бульвардағы Мәскеу циркінің бас директоры және көркемдік жетекшісі КСРО халық әртісі, РКСФР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Юрий Владимирович Никулин болған.