12:49, 21 Сәуір 2009
Елордада «Айгүл» ансаблінің концерті өтті
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше Конгресс-Холлда «Айгүл» вокалдық-аспаптық ансамблінің 40 жылдығына арналған «Тек қана қыздар» атты концерт өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Саясат қайраткерлері жиі ауысып тұратындықтан оларды есте сақтау қиын. Дүние деген алма-кезек, біздің орнымызға да басқа жандар келеді. Ал «Айгүл» вокалдық-аспаптық ансамблінің қыздары өзгермей, алғашқы күндеріндей сұлу, дарынды әрі атақты болып қалды. Мен оларға жұлдыздары жарық болып, қазақ әндерін жастар арасында одан әрі кеңінен танытуларын тілеймін», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов. Сондай-ақ ол ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ансамбль қыздарын атаулы күндерімен құттықтады.«Айгүл» ? құрамында тек қыздар жиналған КСРО-дағы алғашқы ансамбль. Олардың аты 70-80-ші жылдары Кеңес одағында ғана емес, сонымен бірге шет елдерде де танымал болды.