Елордада азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті.

Aizhurek.kz сайты (beta нұсқасы-meyir.im) тиімді альтруизм құралыретінде (немесе әлеуметтік игілік пен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар менеріктілер топтарының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық ресурсы) бейімделген. Жобаның авторы - GlobalShapers Community жас көшбасшылар қоғамы.

«Мұның бәрі біздің жобаларымызға қайырымдылық ұйымдарының байланыстарынқажет еткенімізден басталды. Қоғамдық қорлар, қайырымдылық ұйымдар, экологияжәне жануарларга сәтті көмек көрсететін бастамашыл топтар туралы деректер табаалмаған соң, өзіміз біріктірдік. Оған қоса, көптеген адамдар киім-кешек пентехниканы қалай және кімге беруге болатыны турлы сауал жолдады әрі қарттар мен қиынөмірлік жағдайға түскен ересектерге көмектесуге дайын адамдар көбейіп келеді»,- дейді жобаның авторы және Global Shaper мүшесі, Айман Едігеева.

Осылайша, адамдар сенімді ұйымдар арқылы көмек көрсете алатынAizhurek.kz веб-сайты пайда болды.

Бүгінгі күні 175 ұйымнантұратын анықтама негізгі нысаналы санаттарға бөлінген: балаларға, ересектерге,қарттар мен жануарларға көмек. Тізімге сирек немесемүмкіндіктерді шектейтін диагноз қойылған адамдарға арналған мамандандырылған ұйымдар,аула клубтары, қайырымдылық дүкендері, хоспистер, еріктілер ұйымдары және тағыбасқа көптеген көмек беретін ұйымдаркіреді.