Елордада Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы тұрақты комитетінің отырысы өтеді

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Наурыздың 27-сі мен 29-ы аралығында Астана қаласында азиялық саяси партиялардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы тұрақты комитетінің 10-шы отырысы өткізілмек.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шараның мақсаты - саяси партиялар арасындағы байланыстарды тереңдету арқылы Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық, өзара түсінушілік және сенімділікті дамыту», деді ресми өкіл.