Бұзақылық жасау фактісі Жедел басқару орталығының бейнебақылау таспаларына түсіп қалған. Полиция инспекторлары жасөспірімді ізін суытпай ұстап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол елорданың 15 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Кәмелеттік жасқа толмаған бала «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, мұнда оның ата-анасы да шақырылды.
Профилактикалық әңгіме жүргізілген соң, баланың заңды өкіліне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 435-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Елорданың полиция департаменті бұзақылық әрекеттер және мүлікті бүлдіргені үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.