Елордада «Бала - біздің болашағымыз» атты акция өтуде

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Бала - біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттау болып табылады.

«Аталған шараны өткізу қазірдің өзінде дәстүрге айналып барады және бұл Қазақстанның барлық қалаларында жыл сайын өткізіліп келеді. Бұндай акциялар елорданың барлық аудандарында әкімдіктермен бірлесіп өткізілуде», - дейді Сарыарқа аудандық прокурорының орынбасары Ержан Марат.

Акция шеңберінде бас қаланың спорт клубтарының түлектері көріністер қойды. Оқушылар мен шараға қатысушылар арасында ұлттық спорт түрлерінен, спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Арқан тартыс, тоғыз құмалақ, асық ату ойындарынан сайыстар өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.