Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жыл басынан бері ұрлыққа қатысты жауапкершілік күшейтілгенін ескертеді. Енді қылмыстың осы түрі ауыр санаттар қатарына кірді.
Ал жаза түрінде мүлкін тәркілеп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бітімге келу мүмкіндігі алынып тасталды.