Астанада қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының 18 жасқа толмаған студенттері ие. Олар арнайы көлік картасын рәсімдеп, автобусқа кірген кезде міндетті түрде сапарларын тіркеуі (валидация) қажет.
«Тегін жол жүру құқығына ие болу үшін кәмелетке толмаған жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңындағы аудандарда тұруы тиіс. 18 жасқа толған сәттен бастап, тегін жүру мүмкіндігі бұғатталады. Дегенмен, көлік картасын ақшалай толтырып, одан әрі пайдалануға болады. Картаның жарамдылық мерзімі – 5 жыл», - деді компаниядан.