Елордада балалар суретінің көрмесі ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығында «Отаныма қызмет етемін» атты республикалық байқау аясында балалар суретінің көрмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы мен ҚР Президенттік мәдениет орталығы ұйымдастырып отырған көрмеге Республикалық «Жас Ұлан» мектебі оқушыларының әскери-патриоттық бағытта салынған суреттері қойылды. Игі шараға Ақмола гарнизонының әскери бөлімдерінен арнайы өкілдер, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл көрме Отан қорғаушысы кәсібін көпшілікке таныту, жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеуді дамытуға бірлесе күш салу мақсатында өткізілуде.Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, майор Жарасбек Момынбековтің айтуынша, әскери прокуратура органдарының қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, патриоттық құндылықтарды одан әрі насихаттау алдағы уақытта жалғасын таба бермек.