«Жалпы, кәсіпкерлер үнемі көмектесіп, қолдау білдіріп отырады. Меценаттарды айтпағанда, қарапайым тұрғындар да қолдарынан келгенше көмектесіп тұрады. Осындағы (балалар үйіндегі) көптеген дүние солардың қолымен және күшімен жасалды», - деді Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева.
Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - қазақстандықтарды қайырымдылық пен мейірімділікке бастайтын бірден-бір бастама.
«Қолында беретін ештеңесі болмас да, қандай көмек көрсете аламын?» деп келетін жандар бар. Сырт көзге қатыгездер көп болып көрінгенмен, қуантатыны - қазіргі қоғамда мейірімді жандар өте көп. Бізге қайтарымсыз көмек ретінде қаржылай және рухани қолдау көрсететін жандар көп. Тек көбісі өздерін жарнамалай бермейді», - деді ол.
«Астана су арнасы» тарту еткен субұрқақта әйел-ана бейнесі кескінделген. Қолына жүрегін ұстаған әйел бейнесі ананың балаға деген махаббатын суреттеп тұр.