«Осы мерекеде біз балаларға шат-шадыман көңіл күй сыйлап, оларға бақыт, денсаулық пен тек күлкі тілейтіндігімізді білдіргіміз келеді. Концерттік шараға сал ауруына шалдыққан балаларды арнайы шақырып отырмыз. Олар біздің қорымыз жанындағы Оңалту орталығында ем алып жатыр. Жалпы, осы шарамыз арқылы біз ересектердің назарын балаға деген қамқорлыққа аударғымыз келеді», - деді «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Гүлмира Əлімова.
Концертке қоғам қайраткерлері, Астана қаласындағы корей мәдени орталығы, аталған орталық қызметкерлері қатысуда.