Ведомство мәліметінше, ата-аналардың өтініштерінен кейін мектепте тамақтану сапасын бақылау үшін тәуелсіз қалалық комиссия құрылған. Оның құрамына Білім басқармасының қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді.
«Сәуір айының 3-інде, төртінші тоқсанның алғашқы күнінде елордалық 5 мектепке қауіпсіздік техникасы ережелерінің, санитарлық жағдайлардың және тамақтанудың сақталуын бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында алғашқы жұмыс сапары жүргізілді. Кешке қарай, жасалған жұмыс қорытындысы бойынша комиссия кемшіліктер туралы актілер мен хаттамаларды әзірледі. Олардың негізінде Білім басқармасы мектеп басшылығына және жеткізушілерге қарасты тиісті шараларды қолданатын болады», - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта кез келген мектеп асханасындағы кемшіліктер тәртіптік комиссия отырысында қарастырылып отырады.
«Айта кететін маңызды жайт - бұл жұмыс барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Сондықтан біз ата-аналарды бұл жұмысқа белсенді түрде қатысуға және балаларды оқытуға ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінгі таңда ата-аналар осындай комиссиялардың жұмысына кіріп, мектеп асханаларының жағдайын жақсартуға тікелей үлес қосуға мүмкіндігі бар», - дейді басқармадан.
фото:ntv.ru