Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Автобустар жұмыс күндері 18:30-де, демалыс күндері 15:30-да «Қазақстан» СК тұрағынан және Бөгенбай батыр ескерткішінің жанындағы тұрақтан (Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылдарының қиылысы) аттанады.
Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.
Қосымша ақпаратты 574-777 байланыс орталығынан және @astrabus_bot Telegram-ботынан ала аласыз.