Елордада башқұрт халқының «Йыйын» мерекесі өтеді

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Елордада башқұрт халқының «Йыйын» мерекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Шара БашқұртстанРеспубликасы Әкімшілігінің «Акбузат» башқұрт этномәдени орталығы, Нұр-Сұлтанқаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, РесейФедерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өткізіледі.

Мерекенің мақсаты – Қазақстанда тұратын халықтардыңбірлігі мен достығын нығайту, башқұрт халқының мәдени дәстүрлерін сақтау жәнедамыту.

17 тамызда (18:00-20:30) Нұр-Сұлтан қаласының Достықүйінде Башқұртстан ресми делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ,түрлі елдердегі башқұрт диаспорасының онлайн-қосылуы жоспарлануда.

Шараның екінші күні 18 тамызда сағат 17:00-деелордалық «Жетісу» саябағында «Йыйын» мерекесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұлкүнгі мерекенің қонақтары Башқұртстан өкілдері, ҚР-дағы РФ Елшілігі жәнеНұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.

Мереке барысында Башқұртстан, Ресей әртістері менНұр-Сұлтан қаласы көркемөнерпаздарының концерті өтеді. Ойындар, спорттықжарыстар мен көрмелер күтілуде.

Айта кетейік, «Йыйын» - башқұрт халқының ежелгідәстүрлі әдет-ғұрыптар мерекесі ретінде айрықша маңызға ие. Ол жаз мезгілі ментеңдік белгісі ретінде аталып өтеді. Ерте кезден «Йыйын» мерекесі кезіндежастар арасында түрлі сайыстар өткізіліп, оның жеңімпаздарына айрықша құрметкөрсетілетін.