Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада ауа райына байланысты 0-4 сынып оқушылары үйден оқитын болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Кеше Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысатыны ескертілді.

Бұдан бұрын аязға байланысты Қостанайда бірқатар мектеп қашықтан оқуға ауыстырылғаны белгілі болды.