Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов айтты.
«Астана қаласының әлеуметтік-мәдени нысандарында бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 17-18 қыркүйек күндері «Хан Шатыр» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде облыс аудандары мен ірі кәсіпорындар өндірген 20-ға жуық тауарлар мен өнімдер Астана жұртшылығына ұсынылатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 18 қыркүйек күні Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 16.00-де «Ақжайық - ару мекенім» атты облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі мен өнер шеберлерінің концерті өтеді.
«Осы алаңды пайдалана отырып, барша Астана тұрғындары мен қонақтарын аталған шараларға қатысуға шақырамын», - деді А.Өтеғұлов.