«Е67 көшесінен Е22 көшесіне дейінгі учаскеде Е49 көшесін (Әбікен Бектұров) салу» жобасы шеңберінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты осы жылдың 28 ақпанынан бастап Е69 көшесінен Е22-ге дейінгі аралықтағы Әбікен Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды», - деп хабарлайды Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
«Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз. Аталған шара уәкілетті орган Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді», - делінген хабарламада.