– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, елордада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды.