«Қалалық көлік жүйелері» кәсіпорнының мәліметінше, Сауран көшесінің бойындағы Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне қарай өтетін жолдың бір бөлігі жабылған. Сондықтан №18, 28, 50, 52, 60 автобустарының қозғалыс схемасы тек осы бағытта уақытша өзгертілді. Суретте өзгертілген маршрут схемасын көруге болады.
22:37, 11 Тамыз 2022
Елордада бес автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгертілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауран көшесінің бойындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты елордадағы бес автобус бағытының схемасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.