Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.
Қазіргі заман өнері галереясында еліміздегі бейнелеу өнерінің 60-шы жылдардан осы күнге дейінгі туындылары қойылған. Көрермендердің назарына көркем сурет, мүсін, декоративтік-қолданбалы өнердің 100-ден астам еңбегі ұсынылған.
Экспозицияға О.Таңсықбаев, Р.Вико, А.Исмайлов, Л.Фролов, К. Кузнецов ссияқты суретшілердің соц.реализм стилінде салынған, коммунистік қоғамды құруға және Қазақстанның табиғатына арналған 60-шы жылдардағы туындылары шығарылған. М.Калимовтың 70-ші жылдардағы «Лиза» портреті мен «Балбал» камералық еңбектері, Р.Сахи пейзажы, Е.Төлепбаев, Ж.Натбаев және К.Амановты 80-ші жылдардағы полотнолары қойылған.
Бұдан басқа, А.Ақанаев, Н.Бубэ, С.Смағұлов және А.Есдәулетовтің ХХ ғасырдың соңындағы шығармашылық жұмыстары ұсынылған.
Экспозицияға қойылған картиналардың басым бөлігі соңғы он жылдың ішінде салынған. Олардың авторлары - Г.Қаржасов, А.Смағұлова, Б.Бурдесбеков, А.Қазығұлов, М.Сыдықов, А.Есімова, А.Құлбай, А.Дузельханов, З.Қожамқұлов, А.Шахмардан сынды суретшілер.
«Көрмеге Р.Ахметжанованың декоративтік-қолданбалы өнер туындылары - ши, З.Смағұлова мен Д.Қастееваның осы күндері тоқылған түс кілемі қойылған. Шеберлер қазақтың ежелгі материалын қазіргі заманға сай үлгіде дизайнерлік және интерьерлік әсер бере отырып, пайдалана білген»,- дейді ұйымдастырушылар.
Астаналық мүсіншілер Т. Ермеков пен К. Нұрбатыров ұсақ пластиканы қолданған.
Көрме Тәуелсіздік сарайында 15 тамызға дейін жалғасады.