2016 жылғы 28 наурыздағы сағ. 15.00-де Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына шараның ұйымдастырушылары мен әріптестеріқатысады.
Ұйымдастырушы - «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры. Қорды2005 жылы «BI-Group» инвестициялық-құрылыс холдингі құрған.
«BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерінің қатарында. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.
Биылғы жылы бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің 16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астананы аралап шығады.
Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалайды. Аралық қорытындылар мен жеңімпаздар плэнері республикалық «Балдәурен» балалар лагерінде өткізіледі.
Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды қызық мазмұнды бағдарлама - еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.
Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады.
Бұл жолғы фестиваль мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жағымды орта жасау бойынша фестивальді ұйымдастырушымен бірыңғай көзқарастағыбірқатар жаңа серіктестермен ынтымақтастықта өткізілуде.
Фестиваль әріптестері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізуге барынша көңіл бөліп келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылғы 3 ақпанда құрылған және 1992 жылғы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитетінің танымалдығына ие болды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, атақты спортшылар спорт тақырыбын және қазақстандықтардың жетістіктерін ерекше атап көрсете отырып, фестиваль қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды салтанатты марапаттауға қатысады.
Астана қ. Балалар Көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубыныңнегізі 1983 жылы қаланды. ЮНЕСКО клубы мәртебесін 2008 жылы алды. Астана қ. БКСМ - ЮНЕСКО клубының оқытушылары сарапшылар қызметін атқарады және жұмыстарды бағалауға, фестиваль жеңімпаздарын анықтауға қатысады. Вернисаж кезінде Музейде БКСМ тәрбиеленушілерінің қатысуымен фестивальге қатысушылар пленэрі өткізіледі.