Елордада білім саласындағы вакансиялардың жәрмеңкесі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 тамызда елордадағы «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке сағат10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан«Жастар» сарайының фойесінде өтеді. Онда бос жұмыс орындарын 100-гежуық жұмыс беруші ұсынады.

Сондай-ақ оқуорындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпаратала алады. Бұдан бөлек, жәрмеңкеге келушілердің алдын ала әңгімелесуден өтуге,түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.