ЖПБ-ның мәліметі бойынша, 2011 жылы Астанада орын алған жол-көлік оқиғаларының 45 пайызы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болды. Жаяу жүргіншілердің негізгі бұзушылықтары - көше қиылысын анықталмаған жерден кесіп өту.
«Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында Астана қаласында Жол полициясы басқармасы «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Аталмыш шараның негізгі мақсаты жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оларды болдырмау және ескерту болып табылады», - делінген таратылған хабарламада.
2012 жылдың қаңтар айына жасалған талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының ішінде жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғалары өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 12,8 пайызға аз. Жыл басынан бері жолда жүру ережесінің талаптарын бұзғаны үшін шашамен 800-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Оларға 5 айлық есептік көрсеткіш (8090 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылды. Ережені жүйелі түрде бұзғандар 15 айлық есептік көрсеткіш (24 270 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады.