«Бүгінде тал егіп, көшет отырғызуға арналған орындар белгіленіп, қазба жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қорыта айтқанда Алматы ауданында 1 146 тал егіледі. Қалдаяқов көшесінде 227 тал, №46 көшеде - 319 тал, оң жағалауда Есіл бойында - 500 тал, Теміржол кентінде - 100 тал», - делінген хабарламада. Есіл бойынан коттедждер қалашығына дейінгі, сонымен қатар Қоянды көлі маңына ерекше назар аударылады. Сол маңда орналасқан барлық кәсіпорындар мен мекемелер тазалық жұмыстарымен айналысады.
10:40, 11 Сәуір 2014
Елордада бір күнде мыңнан аса ағаш отырғызылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 19 сәуірде болатын жалпы қалалық сенбілікке дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бір Алматы ауданының өзінде мыңнан астам тал егіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.