Бұл күні оқырмандар Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Ақын Алақанұлының «Қарасай мен Қызылсай», Арман Қанидың «Сен және мен», Сүлеймен Баязитовтің «Алаш арыстары», Виктор Семерьяновтің «Я вижу в Казахстане» атты туындыларымен танысты.
Осы шараға орай көрме ұйымдастырылып, Баянауыл өлкесінің тумалары, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Иса Байзақов, Зейін Шашкиннің еңбектері, сондай-ақ, 2011 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивальге қатысушылардың жырлары енген «Тәуелсіздік тұғыры» жинағы келушілер назарына ұсынылды, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.