«Қазгидрометтің хабарлауынша 2020 жылдың 12 қараша күні 28 мм-лік айлық норманы есептегенде
«13 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 960 дана арнайы техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылған», - деді әкімдік.
Еске сала кетсек кеше елордаға қар жауып, көктайғақтың пайда болуына байланысты коммуналды қызметтер қала көшелерін жинау үшін көптеген арнайы техниканы шығарған болатын. Осыған қарай полиция елорда тұрғындарынан техника лектеріне ілесіп жүретін полиция патрульдерінің талаптарын мүлтіксіз орындауға, қар тазалаушы техникаларға кедергі келтіретін жерге көлік қоймауға, арнайы техниканың қатарына түспеуге шақырған еді.