Елордада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды
07:02, 27 Ақпан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда мектептерінің таңғы ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 ақпан күні қолайсыз ауа райына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды» деп хабарлады бүгін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.