Елордада бірнеше тұрғын үй мен автопарк сусыз қалды

ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында құбырдың тозуы салдарынан диаметрі 500 мм-лік су құбыры жарылды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға салдарынан 7 көппәтерлі үй, №1 автопарк және бірқатар жеке тұрғын үй сусыз қалды.

Жөндеу жұмыстарын «Астана су арнасы» мекемесінің 10 маманы мен 4 техникасы жүргізуде.